Қайтем жүрегімді ауырттың ғой қайтем
Сезімімді менің суыттың ғой қайтем
Сағынғанда кетпей жүрсің естен жаным
Сен жүрегімнің таңдаған едің
Көңілімді баураған едің
Махаббатымды арнаған едім жаным
Мен көздеріңе сенің байланған едім
Сөздеріңе балдай алданған едім
Керегіңе ғана айналған бе едім жаным
Қайтем жүрегімді ауырттың ғой қайтем
Сезімімді менің суыттың ғой қайтем
Сағынғанда кетпей жүрсің естен жаным
Қайтем ұмытқанда жолықтың ғой қайтем
Ауырған жүректі ауырттың ғой қайтем
Сүймес едім қинарымды білсем жаным
Сен махаббатты кешір жүрекпен
Қайтсем тоқтайды ойлар жүдеткен
Қайтсем келер тәтті күндерім жаным
Сен бақытыңды іздеп кеттің басқаға
Бұрынғыдай көзге қарап бастама
Шыдайды жүрек ауырып жатса да жаным
Қайтем жүрегімді ауырттың ғой қайтем
Сезімімді менің суыттың ғой қайтем
Сағынғанда кетпей жүрсің естен жаным
Қайтем ұмытайын дегенімде жолықтың ғой қайтем
Ауырған жүректі ауырттың ғой қайтем
Сүймес едім қинарымды білсем жаным