Маған қарап ойыңды айтшы
Сезім барын мойындайықшы
Ойыңды айтшы
Біз туралы ойыңды айтшы
Менің ойымша
Сен мен шынымен де шын сүйетін секілдісің
Екі жаққа бұйраланған кекілдісің
Енді қолымнан келетіндей секілді ісім
Сен қалжыңдасаң көрінеді 27 тісім
Менің ойымша бізде қызық таусылмайды
Бізді ұнатады, кейбіреулер жақтырмайды
Менің ойымша адамда ұзақ бақ тұрмайды
Болашақта мендей саған, сендей маған таптырмайды
Менің ойымша көзге көп зат көрінбейді
Біздің сезінгенді, бәлкім, ешкім сезінбейді
Ересек болсаң та бірге өсетін секілдіміз
Әлемді аралайтын бар секілді ниетіміз
Ниетіміз көп нәрсеге
Қабылдаймын не берсе де
Себебі, себебі сүйем
Өзгесің өзгеден
Бір көріп сезген ем
Мен өзіңді бақытқа бөлеймін
Бөлеймін сөз беремін
Сол бақытты жаным саған сездірем
Менің ішімде де сенікіндей көбелек
Мен сені жақсы көрем
Ертеңгіден аз, кешегіден көбірек