Сөзің жазған: Ш. Сариев
Әнің жазған: Ж. Тұяқбаев
Кең далам, толғанайын, толғайын,
Домбырам, қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
Теңіздей тебірендім, тербедің,
Сапарда сағынышым, сен менің
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
Қайырмасы:
Бақыт тұнған күндер-ай,
Жұлдыз тамған түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай – Атамекен-ай!
Ғажап-ау, Атамекен ғаламат,
Бір саған тағдырымыз аманат.
Қымбатты даламыздай,
Cымбатты анамыздай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Жүрегім, жанымыздай
Бақыт тұнған күндер-ай
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай – Атамекен-ай!