Сембек Жұмағалиев – Анаға сәлем
Сөзі:О.Иманәлиев
Әні:Е.Хасанғалиев
1. Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді,
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.
Қ-сы:
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған.
2. Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.
3. Аялап алақан
Әлпештен өсірген.
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.
4. Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым,
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.