Serik Ibragimov — Айым-ау ТЕКСТ

[verse-1]
Күндерім!
Өзіңсіз өтіп жатыр түндерім.
Сарқылмас сағынышым бұл менің.
Жаныма дауа күлгенің, күлгенің…
Таңдарым…
Таңда да сені ұмыта алмадым.
Есімде мәңгілікке қалғаның..
Қол жетпес болма бірақ арманым-ай арманым…

[chorus]
Айым-ау күнсің-күнсің жарық.
Байқамай жүрсің-жүрсің нағып.
Жүрегім дүрсіл-дүрсіл қағып жүргенін ай білмедің…
Өзіңді аңсап,аңсап едім.
Жүрегім парша-парша менің.
Күтемін қанша-қанша сенің сөзіңді
Ай өзіңді

[verse-2]
Айларым!
Өзіңді сағындырғаны-ай жаным.
Еріксіз құшағымды жайғаным.
Сен мені қалай байладың, байладың?
Жылдарым!
Өтті жыл сені аңсадым тынбадым.
Өмірдің аралайық гүл бағын.
Жоқ деме қолыңды бер жүр жаным-ай жүр жаным…

сери,ибрагимов
Прокрутить вверх