1-куплет:
Ме-нің жүре-гім-ді қалдырдың жалғыз,
Екеуміз де шын сүйген жанбыз.
Орамалың жұпар хош иіс,
Саған барар жолыңа бар із.
Суреттерің әрдайым көзде,
Қарап қоям сағынған кезде.
Дауысымды сағынсаң тыңдап,
Әндерімнен өзіңді ізде.
қайырмасы:
Сенің иісің қалды менде,
Менің жүрегім әлі сенде.
Ұмыт(а) алмай сені мүлде,
Сағындырды бәрібір де.
2-куплет:
Білем келе-рің-ді қайтадан маған,
Кетті уақыт қайтар(а) алмаған.
Келбетіңді есіме салған,
Иісің тек жанымда қалған.
Сені қайта күтеді арман,
Кездесулер кезінде болған.
Келер деумен барамын күнде,
Көшелерге өзіңе барған.
қайырмасы:
Сенің иісің қалды менде,
Менің жүрегім әлі сенде.
Ұмыт(а) алмай сені мүлде,
Сағындырды бәрібір де.