Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

ШІЛДЕХАНА

Сәби келді өмірге,

Сәби келді!

Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді.

Анасы аман босанды, қалжа жесін,

Ат ұстайтын азамат бар үйде енді.

Сәби келді шыр етіп, дүрліктіріп,

Өзінің кім екенін тұрды ұқтырып.

«Сүйінші!» – деп шапқылап бара жатыр,

Інішегім тайына ырғып мініп.

Той басталды толайым- Шілдехана,

Бала бақыт,

Мейлі ұл, қыз болса да,

Ағайын айналаға ат шаптырып,

“Уансын «Сүйінші» деп жүз босаға.

Шілдехана қосады ой-тілекті,

Бауы берік болсын, деп тойшы кепті!

Ғмірге тағы да бір қазақ туып,

Сананы салтанатпен серпіп өтті

Шілдехана – ұлы той, жан ұшқыны,

Желкілдеді ауылдың намыс туы.

Жігіт болар ертең – ақ,

Аман болсын,

Көрінген таудың бар ма алыстығы !?

шилдехана,тилектер, бала туганда, бесик той
0 0 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии