Ойын-сауық порталы

СИҚЫМ
Ұраны «Сиқым», «Рысбек», таңбасы:

123

Сиқым Дулат руының төрт атасының бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Сиқым негізінен он атаға бөлінеді: Борас (Қарақойлы), Тоғатай, Шуылдақ (Байсейіт), Буас, Құлсейіт (Қусирақ), Ақылбек, Құттыбай, Есбол (Аққойлы), Есенгелді (Аққойлы мен Қарақойлы). Түрікмендер ішінде де Аққойлы, Қарақойлылар бар. Олар ғасырда Азербайжан мен АрменияДа билікке таласты. М. Тынышбаевтың ескертуінше, оларды да Дулаттан шыққан деп шамалауға болады. Ел аузында Борас, Тоғатай мен Буасты Байсейіт атымен атайды. Байсейіттің шын есімі Шуылдақ. Есбол мен Есенгелдінің ұрпақтарын жай ғана «Естілер» атандырған. Бәлкім, олар бір-біріне рухани жақын болған соң басқа аталастары мен көршілер солай жақауратын атаған шығар.
Сиқым руының жоғарыда аталған аталарының тегі туралы толық мағлұмат жоқ. Соыдықтан қолдағы бар деректерге сүйеніп, таратып отырмыз.
Сөйтіп, халықта Қарақойлы аталатын Борас негізінен бес үрім-бұтаққа бөлінеді: Қораз, Рүстем, Әжі, Наурызбай мен Томай. Бұл буыннан әрі қарай жіктеуге деректер жеткіліксіз. Буас атасы бес бұтақтан тұрады: Боса, Борық, Құл, Есторы мен Қызылқармыс. Боса Құдайберді мен Алакүшікке бөлінеді. Құдайбердіден Жарымбет, Сайкөк және Сары тарайды. Есторының екі ұлы бар: Тойшы мен Тілеуқабыл, Тойшыдан Қараби, ал одан Сүйіндік пен Аталық. Тілеуқабылдан үлкен үрімбұтақтың атасы болып есептелетін төрт ұл өсіп жетілді: Жаушы, Таңат, Көске, Қосмұрат. Ал, Көскеден Есті мен Шотке. Естіден Қарабатыр, одан Шенет батыр; Шенет батырдан Тұрыс би мен Рысбек батыр. Тұрыс биден Батырбек датқа, одан Тастамбек, Қожай мен Иса; Тастанбектен Белқожа (М. Тынышбаевпен кездескенде 1925 жылы 50 жаста екен).
Қосмұраттан Шахмұрат, одан Қараби, одан Мәлік би, одан Асыл би, одан Әлжібек датқа, одан Байсейіт.
Ақылбек үш ата: Ағабек, Мырзабек және Атайысқа бөлінеді. Құттыбай тармағынан Бағлан өрбиді. Есболдың (Аққойлы) екі ұлы бар Омар мен Сатыбалды. Омардан Қаржау мен Қайқы. Сатыбалдыдан екі ұл: Елтүзер мен Бөрі. Елтүзерден Рысбай мен Құттыбай. Бөріден Елке мен Естембай. Ал, Есенгелдіден (Аққойлы) төрт ата: Үлебай, Сырлыбай, Төле мен Болат бөлініп шығады. Сонымен, Сиқымға кіретін 10 атаның тек алтауының тегін түгел болмаса да таратып, төртеуіне мәліметтер жетіспегендіктен, тоқталғанымыз жоқ. Соған қарамастан, келтірілген мағлұматтар Дулат руының Сиқым атасы туралы неғұрлым анық деректер береді.
Сиқым руының жауынгерлік ұраны «Сиқым» (Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов) және «Рысбек» (Н. Аристов, М. Тынышбаев бойынша). Рысбек XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі батыр.
Сиқымдардың рулық таңбасы – I , L бұл алғашқыда Н. Гродековтың еңбегінде көрсетіліп, кейіннен Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов пен В. Востров өз жұмыстарында содан алып пайдаланады.

сикым, сиқым, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, XVIII ЖӘНЕ XIX ҒАСЫРДА ОРТА ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫ, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments