Ойын-сауық порталы

Сүйгім келеді. Сүйе алмайм бірақ…

Мен осы күнге дейін бір қызды қатты сүйемін. Есімі Б. Көктемде,сәуір айы болу керек,жұмыстан келген соң интернетке кірдім,агентте отырдым. Сонда бір сұлу қызға дос болуға ұсыныс жасадым,тым әдемі еді.Шынымды айтатын болсам,ол әдемі болғандықтан ғана оны іштей ұнатып қалған едім. Екеуміз танысып, жақсы араласып кеттік. Оның ұялы телефонының нөмірін де алып үлгердім.Сырт көзге қарағанда,тым тәкаппар қыз боп көрінетін.Дегенмен мен ол қызбен тез тіл табысып кеттім,үнемі хабарласып,сурет те алмасып үлгердік.Оны күннен күнге қатты ұнатып бара жатқанымды сездім. Оның келбеті мен үшін енді маңызды емес еді,мен оның ішкі дүниесіне ғашық едім.Тым қатты ғашық боп қалдым. Олсыз өмір сүре алмайтындай халге жеттім. Ол да маған сезімін білдіріп жүрді.Мен өзімді шын бақытты сезіндім. Таңертең тұрысымен соны ойлап,жатарда соны ойлап ұйықтап кететін болдым.Өзім туралы айта кететін болсам, достарымның айтуы бойынша,достыққа берік жанмын,мінезім қатты,адамды тез баурап алам өзіме,қыз атаулыға келгенде,ешқандай проблема болмайтын менде. Бірақ Б.ның мен үшін орны ерекше болды,бәрін ұмыттым,тек сол қызды армандаумен жүретінмін.Достарым маған таң қалатын,кейбіреулері мысқылдап күлетін,маған бәрібір еді. Мен тіпті оған ұсыныс жасадым маған тұрмысқа шығуға. Бұл өмірде ешкімім жоқ болған соң,өз тойыма ақша жинап қамдана бердім.Күн өте,оның маған өзгере бастағанын сездім,бұрынғыдай емес екенін сездім,сұрастыра келе оған өзге жігіт құда түсіп қойғанын білдім. Айдың соңында тойлары болатынын білдім. Мені сүйдіңбе деп сұрағанымда,ол маңызды емес деп жауап қатты маған…Мен ер азаматпын,бірақ ол кезде өз өзімді ұстай алмадым,шын сүйгендіктен шығар.Көзімнің жасы тоқтамады.Агентіне таңға жуық смс жазып қалдырдым. Жаным мен сені сүйем,бірақ менімен олай істегенің дұрыс болмады. Бақытты бол. Төбеде бір Алла бар дедім.Сол күннен кейін араққа салынып кеттім,жұмысыма да немқұрайлы қарайтын болдым.Достарым үйге келіп ақылға келуімді сұрайтын.Ештеңеге зауқым болмады.Қазір міне 8 айдың төңірегінде уақыт өтті,мен оны ұмытқым келеді,бірақ жүрекке әмір жүрмейді ғой. Сүйем,бақытты болғанын қалайм,аман болсыншы.Қыз деген көп,ешкіммен жүргім келмейді.Біреу жүрегімді жұлып алғандай.Ешкімге сезімім жоқ.Енді ешқашан үйленбеймін деп кесіп айта алам. Сүйгім келеді.Сүйе алмайм бірақ…

суйгим келеди, суйе алмаймын бирак,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments