Мен сені сүюден жалықпаймын.
Қанатсыз ақ қасында қалықтаймын.
Сен қасымда болғанда жұмақтаймын.
Сен болмасаң аяулым тамұқтаймын.
Мен сені сағынудан азап шегем.
Азап шегем…Бұл азап ғажап неге?!
Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң
Аяз болып көрінер тозақ деген.
Сені ешкімге бермеймін, сұрамасын.
Сұрамасын жанымның мұнарасын.
Сені маған Тәңірдің өзі берген
Пейіште періштелер жылағасын.
Мен сені көкте күннен қызғанамын.
Сезіле ме жүректің мұздағаны?!
Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз.
Құлағыма еш сөзі іле алмаймын
Себебі мен сезімсіз жүре алмаймын
Өзгелерсіз күн кешсем өкінбеймін, ал
Өзіңсіз өмірді сүр алмаймын.
Сені ешкімге бермеймін, сұрамасын.
Сұрамасын жанымның мұнарасын.
Сені маған Тәңірдің өзі берген
Пейіште періштелер жылағасын.
Мен сені көкте күннен қызғанамын.
Сезіле ме жүректің мұздағаны?!
Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз.