Ойын-сауық порталы

ТАМА

Ұраны Қарабура, таңбасы:
Тама руының шыққан тегі тарихи әдебиетте ешқандай көрініс таппаған. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі.
Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид адДиннің монғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі қырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаны туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума тама руының ата бабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоқ, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыққан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін.
Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда есенгелді, жабыл және жоғы деген үш тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: | | қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген.
XIV-XVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы Дешті Қыпшақта, Қазақ хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың Дешті Қышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура».
тама, тамалар, киши жуз, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
3 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments