Тері типін анықтайтын 3 тест
Бет күтіміне кіріспес бұрын теріңіздің типін анықтағаныңыз жөн. Себебі Ең алдымен білуіңіз тиісті позициялар — тері майлылығы, сезімталдығы және тонусы. Ендеше, анықтайық…
Тері майлылығы
теріңіздің майлылық деңгейін білу үшін мына процедураны орындаңыз. Бетіңізді сабындап жуып, бір жарым сағаттан соң бетіңізге жұқа қағаз басыңыз. Бетіңіздің барлық жері тиетін болсын. Енді қағазды мұқият қараңыз:
Теріңіз майлы болса, қағазда 5 майлы дақ қалады: маңдай, иек, мұрын және екі бетіңіз.
Қалыпты немесе үйлескен тері болса, 3 дақ қалады: маңдай, мұрын және иек.
Егер бетіңіз құрғақ болса, қағаз таза күйінде қалады- майлы дақ мүлдем қалмайды.
Бет сезімталдығын анықтаймыз
Бет сезімталдығын былай анықтайды. Ұшы өткір ағаш таяқшаны алыңыз, мысалы тіс шұқығыш сияқты. Аздап басыңқырап бетіңізді сызығыз. Бетіңізде қалған қызыл жолақ…
30 секундтан аз уақытта кетіп қалса — тері сезімтал емес.
30-90 секунд аралығында — сезімталдығы орташа қолайлысы үйде өзіңіз жасаған косметика құралдарын қолдану.
2 минуттан ұзақ уақыт қалса, теріңіз өте сезімтал. Бет күтімі үшін құрамында спирті, аллергенді заттары бар құралдар қолданбаңыз. Ең қолайлысы үй жағдайында жасалған косметика құралдарын пайдалану.
Теріңіздің тонусын анықтаймыз
Беттің тығыршықтай немесе жұмсақ болуы жас мөлшеріне тәуелді емес. Жас кезінде де терісі салбырап тұратын қыздар болады. Сондықтан бет тонусын тексеріп, алдын ала қамданыңыз. Бұл үшін тұрақты температурада екі сағаттан артық отыратын кезді таңдаңыз. Бұл кеңсе немесе үй болуы мүмкін. Айнаға жақындап, бетіңізді бас бармағыңызбен басып, сәл бұрыңыз.
Егер бармағыңызды бұру кезінде кедергіні сезсеңіз, теріңіз тығыршықтай.
Егер бармағыңызды бұру кезінде бетіңізде әжімдер пайда болып, жібергенде бірден кетіп қалса, теріңіз жұмсақ. Бет терісін тартатын шараларды жиі жасаңыз.
Егер бармағыңызды бұру кезінде бетіңізде әжім көп болатын болса, және олар біраз қалып қойса, сіздің теріңіз солғын тартып барады. Мұндай бетке әжім тезі түседі. Әжімге қарсы шараларға дереу кірісіңіз.