Ойын-сауық порталы

ТІЛЕГЕНІҢЕ ЖЕТЕ БЕР

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол катарыңның бұл өмірде.

Себездеп алтын арай жан-жағыңнан,

Ту тіккін алаулаған арманыннан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.

Ізгі бол лебізіңді сағынатын,

Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.

Айналсын ар туына адалдығың,

Адам бол ұялатқан жанына күн.

Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,

Жүректің түкпірінен жаһүт ұсын.

Таба біл тіршілікте керегіңді,

Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

Үмітке сенім жалғасып,

Тіршілік үшін талпынып.

Келесің інім, алға асып,

Арманды қуып шарқ ұрып.

Жолыңнан жүрген жаңылма,

Кедергі болса кесіп өт.

Жаңғырып тұрсын жадында,

Аталар айткан өсиет!

тилек, тілек, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments