Ойын-сауық порталы

ТОЙДЫҢ СӘНІ-ӘН

Бұл тойда үлкен-кіші, аға-женге,

Отыр ғой ақсақалдар дана кеуде.

Көңілін жұртшылықтың көтеріге,

Қарындас әуелетіп салады өнге,

Әсем ән әрбір тойдың рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Ән-күйін дейді інішек шашу етем.

Ән-күйсіз қуаныштың бар ма сәні,

Қыр кезіп әуезді ән тау асады.

Қанеки, ағайындар, құлақ түргін,

Құдаша әуенімен жалғасады.

Әуеннен тіл жетпейтін сырды ұғынам,

Көңілдер аршылады бір мұңынан.

Қолына құда жігіт домбыра алды,

Дейді ол: тартуым-ән, сыйлығым – ән.

Ән-мұхит, білеріміз тамшы ғана,

Болады қонақ кәде, ән – сыбаға!

Отыр бір ортамызда бұлбұл көмей,

Шырқатып жіберсінші әнші бала.

Ағытар ән мен күйдің бұлағын да,

Дүлділер аз емес-ау сірә, мұнда.

Күйіне інішектің кезек келді,

Ойнайтын домбыраның құлағында.

Ән шырқап жатыр жастар алма кезек,

Өнерде жанды арбайтын бар керемет.

Әсем ән көпшілікті әлдилесін,

Тағы да бір әнге кезек.

сән, сан, ән, ан, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments