Ойын-сауық порталы

Төреғали Төреәлі & Ерке Есмахан – Сәлеметсіз бе КАРАОКЕ


Сәлеметсіз бе сүйкімді сұлу
Телефоннан-ақ танымай
Сәлеметсіз бе джентельмен жігіт
Өзендей қатты арыдың ай
Өзіңдей қызды көрген көзімнің
Арманы бар ма аруым ай
Көзіңнің емес жас жүрегіңнің
Арманын айтшы жарығым ай

Қайырмасы:
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефон тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

Сертіңе берік серімін десең
Серік болайын сырыңа да
Серігім болсаң шығармыз бірге
Шын махаббаттың шыңына да
Ардақтым мені алдамайсың ба
Мен жайлы ойың құбыла ма
Алдағым келсе алдаймын жаным
Бірінші сәуір күні ғана

Қайырмасы:
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефон тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

Өзіңдей жанмен кездескеніме
Қуаныштымын аруым ай
Кездескеніме өкініп мен де
Отырған жоқпын жарығым ай

Қайырмасы:
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефон тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

торегали тореали, салеметсиз бе
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments