Мен қалай көңіліңді табаламын-ай
Қаншама сезімдерді табаладың-ай
Келсін дейсің бе менсінбейсің бе
Ішімнің құпиясын көріп білер ме
Сенен де кезігерміз көріктілерге
Көзге ілмейсің бе, өзгермейсің бе?
[Қайырмасы]
Талғамын сенің тау сынды биік пе
Шыдамым менің таусылды сүйіп пе
Жүрегімді жараладың демеші
Түспеші тәкаппар күйікке
Моншақтай еді мөп-мөлдір жанары
Қарапайым кездерің бағалы
Қалай сүйіп ұнатпайсың өзгені
Қиялың қай жаққа барады
Өзгеге қызғандырып қарағаның-ай
Ешкімді бақытыңа баламадың-ай
Таңдап жүрсің бе, алдап жүрсің бе
Ақ боз атты мінген жанды армандайсың ба
Жаңылып таңдауыңнан алданбайсың ба
Ән-жыр едің-ай, жан-жүрегім-ай
[Қайырмасы]
Талғамын сенің тау сынды биік пе
Шыдамым менің таусылды сүйіп пе
Жүрегімді жараладың демеші
Түспеші тәкаппар күйікке
Моншақтай еді мөп-мөлдір жанары
Қарапайым кездерің бағалы
Қалай сүйіп ұнатпайсың өзгені
Қиялың қай жаққа барады
[Қайырмасы]
Талғамын сенің тау сынды биік пе
Шыдамым менің таусылды сүйіп пе
Жүрегімді жараладың демеші
Түспеші тәкаппар күйікке
Моншақтай еді мөп-мөлдір жанары
Қарапайым кездерің бағалы
Қалай сүйіп ұнатпайсың өзгені
Қиялың қай жаққа барады