Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Төреғали Төреәлі – Өмірбаяным ТЕКСТ

Әні: Шыңберген Сүлейменов
Сөзі: Жандарбек Бұлғақов

Біреулер орның мінбеде дейді
Ал біреу орның түрмеде дейді
Адам байқұстың бір аты Пенде
Пендешілікпен кім не демейді

Жақсыны білмей жауластым ба екен
Жаманмен жүріп жар бастым ба екен
Әйтеуір жердің үстіндегі адам
Қауесет сөздің мәңгі астында екен

Біреулер мақтап өсірем дейді
Біреулер даттап өшірем дейді
Ал бірі мына фәни жалғаннан
Бақи жалғанға көшірем дейді

Мықтыларың бар осалдарың бар
Нақақтан-нақақ өш алғаның бар
Жақсының жүрміз ақ батасымен
Жаманға түскен не салмағым бар

Біреулер дардай мінің бар дейді
Біреулер балдай тілің бар дейді
Мақтау мен даттау бақ пен сор деген
Ертеден егіз туылған дейді

Халқымды әке-ана көрдім ау
Сіздерге тентек бала болдым ау
Соңымнан ән мен сөз қалса деп ем
Өзім де сөзге қала бердім ау

Біреулер Таудай Төрешім дейді
Тау емес бірі төбесің дейді
Тау тас болмай ақ адамзат осы
Адам боп өмір неге сүрмейді

Жақсыларың бар жамандарың бар
Соңымнан түсіп шам алғаның бар
Өмірдің өзі сендермен қызық
Кім болсаңдар да аман болыңдар

торегали,тореали,омирбаяным,омирбаян,казакша,қазақша,андер,әндер,өлендер,өлеңдер,олендер,караоке,минус,матиндери,мәтіндері,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qo’shiq so’zlari,Qo’shiq matni,tekst,лирикс,lyrics
3.5 6 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?

Этот сайт содержит тексты популярных песен и караоке, весь материал носит ознакомительный и развлекательный характер. Все права на минусы и слова песен принадлежат их правообладателям. По всем вопросам писать на почту: info@ketpe.com