Бастық адамды әкім қалайды
Сазгер адамды ақын қалайды
Біреуге сенің септігің тисін
Себепсіз ешкім жақындамайды
Қарасаң ағаң көкеңде дара
Бемейсің олай бөтенге баға
Адаммен адам араласады
Қажеттілігін өтеуге ғана
Қымбат достықты қалаған бұрын
Тіршілік деп жүр әр адам бүгін
Алыс адамдар жақындап жатса
Пайдаларына жарағандығың
Бақытқа қарай бастағандарды
Басқаға байлап тастаған мәңгі
Жаманның бағын Жаратқан ашар
Себепкер қылып жақсы адамдарды
Сараңға сынақ төтеннен ерсе
Көпшілікпенен көтерген еңсе
Адал досыңмен бір атқа мінгес
Есегі судан өтем дегенше
Сырласа берме санаңмен ғана
Ақылдасып қой далаңмен дана
Пендеден пенде айнығанымен
Адамның күні адаммен ғана
Қымбат достықты қалаған бұрын
Тіршілік деп жүр әр адам бүгін
Алыс адамдар жақындап жатса
Пайдаларына жарағандығың
Бақытқа қарай бастағандарды
Басқаға байлап тастаған мәңгі
Жаманның бағын Жаратқан ашар
Себепкер қылып жақсы адамдарды