Ойын-сауық порталы

Төреғали Төреәлі – Қазақ қызға үйленем ТЕКСТ

Төреғәлі Төреәлі – Қазақ қызға үйленем

Аты-жөнім болады,
Төреғали Төреәлі
Жүрегімнің жартысын
Көрген жоқпын мен әлі
Қыздар маған қосылмай,
Қарайтындай досымдай
Үйленбегем негізі,
Түрім өзі осындай

Эх, жаным қыздарай
Жас жүрегім сыздады-ай
Сыздатуға жүректі
Неге құмарсыздар-ай
Ғашық шығарсыздар-ай?

Орыс қызын сүйген ем
Ақыл айтып ми жеген
Әдетіне түспедім
Ерін төсті билеген
Үнді қызын сүйген ем
Кездескенде киномен
Есімінен шатасып
Гита Зита дей берем

Эх тілімен түйреген,
Қабақ шытсам күйреген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем
Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем
Қазақ қызға үйленем

Қытай қызын сүйген ем
Көптігенен именем
Қайын-жұртым кеп қалса
Сыймаймын ғой үйге мен
Өзбек қызын сүйген ем
Күнде биге сүйреген
Билегені демалыс
Демалысы күйбелең

Эх тілімен түйреген,
Қабақ шытсам күйреген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем
Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем
Қазақ қызға үйленем

Қыздар маған сенбейді
Сенбегесін тергейді
Тергеуші қыз алдында
Ақталғымда келмейді
Мың жүректі сыздатып
Мың жүректі мұздатып
Ең соңында сыйлаймын
Бір жүрекке шын бақыт
Мың сұлудың қиялы,
Телефонда ұялы
Әрі кетсе жүрекке
Төрт ақ ару сыйады

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, торегали тореали, казак кызга уйленем
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments