Мен қазіргі уақытта бір жанға ғашықпын! Ол өзі бір ғажап жан! Мінезі, күлкісі өзіне жарасымды!Әлде ол ерекше еместе шығар, бірақ ол маған ерекше, ғажап! Оның себебіде менің ғашықтығым болар!
Менің ғашықтығым негізі былай басталды. Мен 1 ші курс оқып жүргенімде ағылшын пәнінен қосымша сабақтарына қатыстым! Шыны керек ол сабақтардың алғашқы 4-5 сабағына қатыстым. Сол қатысқан кезде ол қызды алғаш көрдім. Ол кезде менде ешқандай сезім пайда болған жоқ! Әдемі екен дегем.
Қосымшаға бармағасын оны біршама уақыт жүрдім! Күз, Қыс, Көктемде өтті, жазғы сессия басталды! Сол сессия кезіңде мен Ағылшын пәнінен тест тапсырғанымда сол қыз жанымда отырып маған көмек берген болатын! Одан кейін оны тағы жоғалтып алдым! Әйтседе бір күні бір дос балам оны танитынын білдім! Ол дос баладан ол қыздың агенттегі логинын, маған сессияда көмек бергені үшін рахмет айту үшін сұрап алдым! Сол күннен бастап ол қызбен араласа бастадым! Бір күні онымен рулас екенімді білдім! Бірақ бізде қыз алыса береді(Найман).
Сол кезден бастап аға, қарындас болып жақын араластық. Солай жақын араласып жүргенде менде оған деген сезім пайда болды! Ол қыздың есімі А. Мен ол кезде басқа қызбен сөйлесіп жүргем, бірақ шынайы сезімім А-ге ауды! Мен алғашында ол сезімді байқамадым! Сен А-ді ұнатасын деп досым айтты. Бірінші айтқанда мен оны жоққа шығардым, кейін келе оны өзімде мойындадым! Ғашық болып қалдым абайсызда, ол әрине жақсы ғой, бірақ ол қыз мені тек ағасы ретінде сыйлайды және маған артық сезімі жоқ! Мені іздемейді, сағынбайды мен секілді. . .
Бір өкініштісі ол қыз осы көктемде үйіндегілердің қалауымен тұрмысқа шыққалы жатыр! . . . Сол үшін не істерімді білмей менің басым қатып жүр, сендерден ақыл-кеңес күтем! . . .
Подписаться
0 Комментарии
Старые