...

Түс жору дегеніміз

Атамзаманнан бері адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға қатысып, қорқынышты жағдайларға ұшырап, кейбіреулердің айғайлап сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттермен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім.

Ал қазіргі заманғы ғылыми деректерге келтірілген дәйектемелер мен болжамдарға сүйенсек, түс көрудің сыры туралы төмендегідей түсініктеме жасауға болады.

Ғалымдардың айтуынша, мида адам баласы жаралғалы бергі барлық ақпараттық хабарламалар, деректер бар көрінеді. Дені сау, ақыл-ойы дұрыс дамыған деген адамның өзі ми қызметінің 3, әрі кеткенде 4 пайызын, тіпті ғұлама жанның өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатын көрінеді. Былайша айтсақ, ми – адам еркіндегі ақыл-ой және адамның еркінен тыс ақыл-ой орталығы болып екіге бөлінеді.

Адам еркіндегі ақыл-ой орталығы өсіп-жетілу барысында, өмірді көріп, тәжірибе арттырып, оқып-білім алу негізінде жетіліп толықтырылатын болса, еріктен тыс ақыл-ой орталығы адам еркінен тыс жалғанған құбылыстардан тоқтаусыз толықтырылып отырады дейді ғылыми болжамдар.

Адам ағзасындағы ең күрделі, атқаратын қызметі мен ағзаны басқарудағы тылсым сыры әлі толық ашыла қоймаған мүше — ми. Оның сан қырлы қасиеттері мен құпияларын толық ашарлық зерттеу деңгейіне ғылым әзірше қол жеткізе қойған жоқ. Дегенмен де ми қызметінің оның ағзамен үндестігінің, ағзаға қызмет ететін әсерлік күшІНІҢ біршама жәйттері мәлім бола бастаған тәрізді.

Адам еркіндегі ақыл-ой дегеніміз бұл адамның күнделікті тіршілігіндегі іс-қимылын, ОЙ-ТҮЙСІГІН, арман, мақсатын орындаудағы әрекетін көру, білу, тану сияқты талап-тілектерін іске асырудағы қимылын адам қалауына орай басқаратын орталық. Ал мидың қалған 93 пайызы адам еркінен тыс, адамға бағынбайтын орталық болып есептелінеді.

Түс жору – адам баласына даритын сирек қасиет. Түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн. Дегенмен жақсы түске де, жаман түске де садақа беру керек.

Ертедегі тайпалар адам ұйықтағанда оның жаны кеудесінен шығып кетеді деп ойлаған. Сондықтан шырт ұйқыда жатқан адамды оятуға болмайды деп есептеген. Өйткені, «саяхаттап» жүрген жан өзінің иесіне қайтып келуге үлгере алмай қалады-мыс.

Түс көрудің бес түрлі себебі.

1. Ерекше әсер қалдырған, күндіз өңінде көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен түс көру.

2. Күндіз істеген шаруаларға, жұмыстарға байланысты түс.

3. Ауырған себепті көрген түс.

4. Аян беру.

5. Жанның мазасыздануына байланысты түс көру.

Алғашқы үш жағдайда көрген түске мазасызданудың көңіл аударудың қажеті жоқ. Ал аян берудің жөні бөлек. Қасиетті дін кітаптарында мұндай түсті жоруға болмайтыны айтылады. Осылардың ішінде ертедегі ойшылдардың басты зерттеу объектісі болғаны – жанның мазасыздануына байланысты түс.

Сондықтан да, түстіжорыр алдында мына жайларды анықтап алған жөн:

1. Түс көруші адамның денсаулығы қалай еді? Түскөрер алдында көңіл-күйіне ерекше әсер еткен жайларды бастан өткерген жоқ па?

2. Түс көрер алдында нендей іспен шұғылданды? Сол кезде оның көңілін алаңдатқан, ерекше назарын аударған жай болған жоқ па?

3. Түс көріп жатқан кездегі айналаңдағы ахуал қандай еді? Сартылдаған тарс-тұрыс дыбыс, музыка үні, өте суық немесе өте ыстық бөлме, тыныс тарылтар ауа түс көруіңе ықпал ететіні есіңізде болсын.

4. Көрген түстің басыңнан өткен оқиғалардың қайталануына немесе бұған дейінбастан кешкен жайлардың сәл-пәл езгертілген бейнесіне ұқсай ма?

5. Егер түскөруші адамның денсаулығы жақсы болса, егер түс өңінде көрген жайлардың әсерінен тумаса, егер айналаңда түс көруге әсер етерлік ерекше бір жағдай болмаса, егер түс бастан кешкен жайлардың қайталануы болмаса, онда мұндай түсті жан мазасыздығы деп айтуға негіз бар.

Түс жорыған кезде сондағы көрген оқиға мазмұнына түгелдей көңіл аудару керек.

Мысалы, сен түсіңде шарбақ көрдің делік. Бұл сіз үшін ештеңе білдірмейді. Бұған бола мазасызданудың, ойланудың қажеті жоқ. Ал егер ол сіздің үстіңізге құласа, онда бұл түстің мағынасы бар.

Адам өзінің ойын сан алуан әдіспен, сөз өрнегімен береді. Түс те сол сияқты. Оның мағынасы сан алуан жолдармен беріледі. Мұның бәрін санамалап шығу мүмкін емес.

тус жору,сонник на казахском,тус кору,түс көрдім,тус кордим,тусимде кордим,түсімде көрдім,түс көру,тус жору деген не
4.3 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх