Ойын-сауық порталы

Түсік және уақытынан бұрын босану

Жүктіліктің 22 аптасынан 37 аптасына дейінгі мерзімінде баланың туылуы және салмағы 500гр-нан 2500,0гр-ға дейінгі, бойы 24-45см нәрестенің туылуын ерте босану деп атайды. Ерте босану-бұл ауру анадан –ауру бала туылады дегені, себебі оның негізінде жатқан ананың ауруы баланың денсаулығына,өсуіне әсерін тигізбей қоймайды. Мерзімінен бұрын туылған балалар уақтылы туылған балалар мен салыстырғанда көбінесе нарестелік кезінде өліп кетеді, егерде тірі қалған жағдайында да неврологиялы, соматик аурулармен тез ауырады психомоторлық өсуден арқада қалады; көр, сақау, өкпенің созылмалы ауруларымен тез ауырғыш келеді. Соңғы жылдар ішінде мерзімінен бұрын туылған балаларды күтуде көп жетістікке ерісілген соның нәтижесінде бала өлімшілігі, аурушаңдығы азайған, бірақ ерте босану соңғы жылдарда кемеймеген керісінше көбейген бұл эко программасымен егізектердің туылуы, овуляцияны стимльдеу, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекциялардың көбеюінен. Ерте босанудың негізгі себептері: Жедел, созылмалы; бактериальды және вирусты-инфекциялардың болуы. Анадағы және баладағы стресс жағдайлар, экстрагенталдық аурулар, жуктіліктің асқынуы, плацентадағы жетіспеушілік-баланың ерте туылуына себеп болуы мүмкін. Әйелдің жыныстық мүшелеріндегі анатомиялық және функционалдық өзгерістері: жатырдың жетілмеуі, жатырдың дамуындағы ақаулар; истмико-цервикальды жетіспеушілік. Егізектер- жатырдың нормадан тыс созылуына алып келеді, бұл да баланың мерзімінен бұрын туылуына себеп болады. Қауіпті факторлар: Әйелдің әлеуметтік жағдайының төмендегі; әйелдің жасы: 18 жастан төмен, 30 жастан жоғары болса; шылым шегу, темекі тарту, спиртті ішімдіктерді қолдану; алдыңғы жүктіліктерікттерінде медицаналық аборт, түсік түсіру, зәр шығару органдарында инфекциялы аурулар болған болса, қазіргі жүктілігі үшін қауіпті есептеледі. Уақытынан бұрын туылған нәресте уақты жетіп туылған нарестеден сыртқы белгілерімен ажыралып тұрады. Бойы-35-45-47см, денесінің ұзындығы, аяқтары қысқа, терісі қызарған, құрғақ, жиырылған, түкті , саусақтары, қол аяқтары жақсы жетіліспеген болады. Бас сүйектері жұмсақ, майысқақ, үлкен және кіші еңбектері үлкен болады. 50 % барлық перинеталдық жоғалту жүктіліктің 33 аптасына дейін туылған нәрестелер құрайды. Ерте босанудың белгілері: іштің және белдің сыздап ауруы, қынапқа және тік ішекке қысым түсуі, зәр шығарудың тездесуі, жыныстық жолдан алқызыл түстес қанның көрінуі, Егерде жүкті әйелде осы белгілер күзетілсе тез арада дәрігерге қаралуы тиіс. Өздігінен ерте босану мен дәрігерлер жағынан мерзімінен бұрын босандыруды ажырата білуіміз керек. Дәрігерлер жағынан босандырып алу мынандай жағдайларда болуы мүмкін. Ана жағынан көрсеткіш: Жүкті әйелдегі ауыр экстрогениталдық ауру. Жүктіліктің асқынуы – преэклампсия ауыр кешуі, гепатоз, көп ағзалардың жұмыс жасауының жетіспеушілігі, ана өміріне қауіп төндіреді. Бала жағынан көрсеткіш: Нәрестедегі ақау; нарестенің жатыр ішінде өліп қалуы; кардиотокография, доплерометрия көрсеткіштері бойынша нәресте жағдайының прогрессивті төмендеуі; нәрестеге реанимация және интенсивті емдеуді қажет ететін жағдайлар. Емдік тактика. 1.Сол қапталға жату тынштық сақтау төсек қатынасына бармау. 2. Көбірек сұйықтық ішу-бұл жатырдың қан айналымын жақсылайды. 3. Симптомсыз бактериурияға тексеру. Егерде бактерия табылса 7 күн антибиотикпен емделеді. 4. Темекі тартуды тоқтату. 5 Егерде алдынғы жүктіліктерінде 12 аптадан кейін түсік болған болса және мерзімінен бұрын босану қаупі болса жатыр мойнына жүктіліктің 24 аптасына дейін хирургиялы серкляж жасалады.

уакытынан бурын босану, жыныстык катынас, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,котерип калу,тусик жасау,жукти болып калдым,туу киын ба,тугым келеди,туа алмай журмин
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments