Ойын-сауық порталы

ҮЙЛЕНГЕН ЖІГІТКЕ

Тігіпті отау, қос ботам,

Жар болсын дәйім бір Алла.

Аталы сөз-ақ бата,

Жадыңнан, әсте, шығарма.

Не жетсін ана мейірге,

Таусылмас әке пейілі.

Жақсы ұл тартып тегіне,

Болады жардың серігі.

Туғандай қабат ай – күні,

Шаттықтан жүрек жарылар.

Күтеді өмір айдыны,

Сыйласын бақыт таңың әр.

Ай көрікті келіннің, ,

Ажарын көріп ырза жұрт.

Жан екен өзі мейірлі,

Көзінде оты тұр жанып.

Алысқа тартсын ұлы көш,

Оңғарылсың қадамың.

Салт-дәстүрді сыйлап өс,

Жықпағын Алаш жалауын!

жігіт, жигит, тилек, тілек, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments