Ойын-сауық порталы

ҮЙЛЕНУ ТОЙ

Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!

“Махаббат” байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!

Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.
Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшыраќ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, ќараќтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан ќуаныш кетпей, баќ күліп.

Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан ќалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.

Адами ғұмыр болары айќын бір нүкте,
Жаќсылыќ келер, ынтымаќ бар да, бірлікте.
Бас ќосќан жастар сендерге үлкен тілегім
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.

уйлену тойы, үйлену тойы, күйеу жолдас, куйеу жолдас, той, от шашу, мереке, мейрам, куттыктау, құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments