Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Ұстазым ТЕКСТ

Ұстазым

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым

Зердемді сен ашпасаң не етер едім
Өмірден сыбағасыз өтер едім
Ғажайып дүниенің сырын жайын
Қияға қызықтырып жетеледің

Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым

Өзіңнен өмірге азық ала бердім
Ұшырып мені алысқа қала бердің
Бойымда отың кетті ұшқын атқан
Келеді жана бергім, жана бергім

Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, устазым
3.8 8 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии