Ғашығым сенсің тек менің
Көңілі жылы көктемім
Сезімнің қылын шертетін
Ғажап күш бар тылсым сенде
Себебі сұлу әлемің
Арайлы жүзің әдемі
Жанымның өзің бар емі
Сол жанымды өзің емде
қайырмасы
Махаббатым жалындаған жүрегімде
Жалғыз сезім сен ғана
Жаным сен ғана!
Махаббатым жаным саған айым, күн де
Бағым өзің ең дара
Әнім сен ғана…
Махаббатым жалындаған жүрегімде
Жалғыз сезім сен ғана
Жаным сен ғана!
Махаббатым жаным саған айым, күн де
Бағым өзің ең дара
Әнім сен ғана…
Күн,түн мм…
Аспанда бұлттан қашып келет
Сеніңде көңілің қашып менен
Бастайық жаңа әліппемен
Жүрмей бұрыңғы салтпенен
Қаласаң жүрекке пана сал
Сезімді егерде қаласаң
Әдемі сенімен жарасам
Бәрібір өзіңе таласам
Көзіме карап күлесің
Сырды өзің-ақ білесің
Махаббаттың мәртебесін
Сезімге қарап көресің
Әлем сенсіз болса қараң
Түн басса күнді алып барам
Өзіңе асығып барам
Тек саған,тек саған
қайырмасы:
Махаббатым жалындаған жүрегімде
Жалғыз сезім сен ғана
Жаным сен ғана!
Махаббатым жаным саған айым, күн де
Бағым өзің ең дара
Әнім сен ғана…
Махаббатым жалындаған жүрегімде
Жалғыз сезім сен ғана
Жаным сен ғана!
Махаббатым жаным саған айым, күн де
Бағым өзің ең дара
Әнім сен ғана…