Күш жинау-ұзақ, келісер едім көбімен
Күюде ұзақ, үрлеп ішпесең сеніммен
Десек те құшақ керек әр адамға теңімен
Кез келген емес, естен без емес кеткен
…Мақтап алар, кейде сынап та алар өмір
Кезекте тұрсаңда тәртіп ұстап,
Ақымақ болған алтын басыңды-ай,
Жерге де тығар өмір жасырмай
Әй керек десең ел тындырады сөзінен айналад(ы) оңай,
Көксеректердің ұлуына еріп кете бересің-ау ұдайы
Беу!
бір кем дүние,
Қос құлақ, көзді де әдейі екеуін берген,
Тек сөйлей бермей босқа уақыт өткізбес естіп, біліп, көрген.
Есіңе ал он бәленің тоғызы тілден,
Сөзіңде тұрмасаң, сынақ келер бірден
Талайын көрдің
Жағына сүйенген ұдайы
Бос болма, қолың құрсып қалмасын
Тең еңбекпен жеткен оңай
Көзіңді аш, ұйқыңды аш болды
Рухыңды тойдыр сонымен болды
Керек десең ел тындырады сөзінен айналад(ы) оңай,
Көксеректердің ұлуына еріп кете бересің-ау ұдайы
Беу!
бір кем дүние,
Қос құлақ, көзді де әдейі екеуін берген,
Тек сөйлей бермей босқа уақыт өткізбес естіп, біліп, көрген