Махаббатым-ау, мәңгім-ау
Мұндайға қалай бардың-ау?
Қиын-ау енді ұмытып
Артыңнан іздеп аңдымау
Қолыңды бір сілтеп
Қолыңды үзіп алдың-ау
Сені алғаш көргенде
Жүрегім селт етті
Кешіре алмадың
Сен мендей тентекті
Жан дүниең жабырқап
Жанарың мөлт етті
Өртеп мұң
Қай жерден кем кеттім?
Сен кеттің
Жыласаң жылай бер
Мен жыламаймын, еркекпін
Сағынышым-ау, сыйлым-ау
Сен мені қалай қидың-ау?
Мұңайған енді жарамас
Құдайдан осы бұйрық-ау
Мен сені сүймеймін
Бірақ, бұрын сүйдім-ау

