ani Quat Abilov / sozi Rakymzhan Ramazan
1-куплет:
Түн жұлдыздармен ай жарық дала,
Сағынам тыныштықта өзіңді ғана.
Тыңдайды сырларымды үнсіз айнала,
Сен үшін арналар сезімді байлама.
Бридж:
Мен сені ойлаймын,
Қылығыңа мүлде тоймаймын.
Мен сені ойлаймын,
Сезімге бойлаймын.
қайырмасы:
Сені сүйем әлем қарсы тұрса да,
Қанша қиын болса да,
Бізді алыс қылса да.
Сені сүйем әлем қарсы тұрса да,
Қанша қиын болса да,
Бізді алыс қылса да
Сені сүйем…
2-куплет:
Мұңайып жүрсең менің әнімді тыңда,
Сен маған сенсең салма жаныңды мұңға.
Шынайы сүйсем бөгет болмайды дымда,
Жаным шын айтам, саған шын айтам!
Өзіңді ойлай берем көргенше қайтадан,
Жүрегім жаурағанда сенімен жәй табам.
Асығып сезім күтеді төзім,
Іздесем сені қайта-қайта қайтадан…
Бридж:
Мен тағы ойлаймын,
Қылығыңа мүлде тоймаймын.
Мен тағы ойлаймын,
Сезімге бойлаймын.
қайырмасы:
Сені сүйем әлем қарсы тұрса да,
Қанша қиын болса да,
Бізді алыс қылса да.
Сені сүйем әлем қарсы тұрса да,
Қанша қиын болса да,
Бізді алыс қылса да
Сені сүйем…