Chorus:
Мен кірем бөлмеге, бірден бәрі гүлденед, айнала аң-таң!
Қайырлы таң! Вайб таратам! Атылам секілді фонтан
Дым білдірмей, ісімді істеп, жоғалам секілді папаң! Папаң сияқты, папаң! Папаң сияқты папаң-папаң!
1.
Қалада талтаң-талтаң, көздерің жалтаң-жалтаң
Арқаңа қадалған балтаң қалыңдата алмайды қалтаңды
Көрсетпе өзіңді аңқау, жейдеңде тұрса да маңқаң…
Істелгендей темірден қаңқаң, сенімді бол, бардай папаң-папаң, папаң-папаң!
Папаң папаң! Бардай папаң папаң!
Газды полға тақа, ұмтыл бірден таққа, болып жатса да факап, түр істеп ал да, қақпа!
Газды полға тақа, ұмтыл бірден таққа, болып жатса да факап, түр істеп ал да, қақпа!
Chorus:
2.
Папаның ниеті түзу, баланың санасы шикі,
Баланың ортасы zoo, ал папа орманды билейтін,
Олардың кездері ауыр, өмірде талай күйген,
Әкең саған аяқ-киім әперді, бірақ жүруді өзің үйрен, Boy!
Қайталанба, өз жолыңды тап, жадыңда ұста қайдан келген үрейің!
“Жақсыны бағаламайтын ұрпақ”, бұл сөзді шалдар да естіген дейді
Буыннан-буынға бәрі бірдей
Кім саған өзіңнің күштірек нұсқаң болуға талпыныс бергенін есіңе түсірейін деп…
Chorus:

