Махаббаттың әлеміндей,
Төлегеннің әуеніндей тәтті едің.
Өтті зулап, сүйді білмей,
Теменовтің фильміндей сәттерім.
Гүлназына жете алмаған, Орал жазған хаттай
Бұйырмаған болар маған, оралмаған сол махаббаттай.
Жүрегім парақтай,
Сезімдерге берілмеуде қайта қаратпай.
Сынып мәңгі үміт қалды үзілген садақтай.
Ғашық ғұмыр өтіпті бір жарты сағаттай.
Сонда да мен жүрмін ұмытпай, ұмытпай.
Махаббаттың бекетінен,
Сен болмасаң кететін ем жырақтап.
Сағым қылып сан жылдарды,
Жүрегімде қалдың мәңгі тұрақтап.
Қалсын жүрек бір мәз болып, сағынышын айта,
Қателескен Гүлназ болып Оралыңа оралшы қайта.
Өң мен түстің арасындағы елес болдың сағымдай,
Махаббатым-ай жүрсің бағынбай,
Әлі де сағынбай!
Жүрсің бе сағынбай?!
Жүрмін ұмытпай…