Ойын-сауық порталы

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ

Жаңа жыл,

Атар тағы жаңа бір таң,

Толқимын қуаныштан, алабұртам.

Сәби жыл есігімді қағып тұрсың,

Еркіңде дана қылсаң, бала қылсаң.

Кеудемде күмбір қағып күй ырғағы,

Арманға қол созамын қиырдағы.

Жаңа жыл-аппақ пейіл, аппақ тілек,

Көгімнен жұлдыз болып жымыңдады.

Аппақ қар,

Аппақ дүние,

Аппақ ғалам,

Қойғандай сұлулығын сақтап маған.

Атайық ақ шампанды ырым жасап,

Шалқысын көңіліміз асқақтаған.

Жаңа жыл- жаңа ниет, жаңа күнсін,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасын бола білгін!

22 наурыз, 22 март, жана жыл,жаңа жыл, мереке, мейрам, отшашу, куттыктау, құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments