...

ЖАҢА ЖЫЛ СҮЙІКТІМЕ

Сүйіктіме

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

Өзің де бір ардақты жан екенсің,
Армандарың алып шыңға көтерсін!
Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,
Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

Бақытың лағыл тастай төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан бір сәтке кетпесін!

Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді – бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды – бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңажылыңмен, Жаным!

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 20** жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

жана жыл,жаңа жыл, мереке, мейрам, отшашу, куттыктау, құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх