Сырыңды тыңдайтын досың болмағанда
Алыстап арманың жолың жабылғанда
Сағынып біреуді жүрек сыздағанда
Жалғыз қалғанда, мүлде…
Жақының қолын созбаса күткеніңде
Өртесе бүгінің жанды өткеніңде
Құшақтап жастықты түнде жылағанда
Жалғыз қалғанда, қараңғыда…
Қ/сы: Айт өзіңе: бұл да өтеді
Қайталап айт өзіңе: бұл да өтеді
Тағы да айт өзіңе: бұл да өтеді
Сөзіңе сеніп айт өзіңе: бұл да өтеді
Күшім жетеді
Табылмағанда жанға пана
Өзіңе айтшы ақырын ғана
Мұңайма енді болды жетеді
Көресің, бәрі бітеді
Ойласа кетіп қайтып келмес
Бұл өмірде ештеңе мәңгі емес
Таң атып жанарыңа келеді
Білесің бұл да өтеді бір күні…
Қаламай жүрсе де көбі озғаныңды
Бетіңе күліп күтсе де тозғаныңды
Өкпелеп әлемге шешім таппағанда
Жалғыз қалғанда, қараңғыда…
Қ/сы: Айт өзіңе: бұл да өтеді
Қайталап айт өзіңе: бұл да өтеді
Жұбатып айт өзіңе: бұл да өтеді
Сөзіңе сеніп айт өзіңе: бұл да өтеді
Күшім жетеді
Табылмағанда жанға пана
Өзіңе айтшы ақырын ғана
Мұңайма енді болды жетеді
Көресің, бәрі бітеді
Ойласа кетіп қайтып келмес
Бұл өмірде ештеңе мәңгі емес
Таң атып жанарыңа келеді
Білесің бұл да өтеді бір күні…
Бұл да өтеді бір күні
Көресің, білесің
Бұл да өтеді бір күні…
Өмір қайта алдағанда
Сенші бәрі өз қолыңда…
Күшің жетеді
Айт өзіңе: бұл да өтеді
Бұл да өтеді
Болды жетеді айтшы бұл да өтеді
Көресің, жеңесің
Күшің жетеді
Табылмағанда жанға пана
Өзіңе айтшы ақырын ғана
Бұл да, бұл да өтеді(х2)
Бұл да өтеді бір күні…