Жанна Орынбасарова – Мама
Әні: А.Зацепин
1. Солғанша гүлім көзде тұнып,
Ана деп ән салам.
Жүрейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
Қ-сы:
Ана, ана, ана!
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал ана, ана!
Көңілің кең дала.
Дарасың сен маған,
Данасың сен маған,
Мақтанатын мархабатым, махаббатым!
2. Сол үшін ана есіміңмен
Ел – ана деп адам,
Тербеледі бесігіңмен
Жер – ана деп адам
3. Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
4. Ана мәңгі дос сен ғана!
Ана деп ән салам,
Анашым, жан анам.