Ойын-сауық порталы

ЖАППАС

ЖАППАС

Ұраны Баймұрат, таңбасы түйе мойын:

Жаппас руы Кіші жүздегі ірі рудың бірі болып табылады. Өкінішке қарай, тарихи деректемелерде бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқ. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руы туралы алғашқы рет айтқан да сол А. Тевкелев. Кіші жүздің П. И. Рычков келтірген «аса белгілі» руларының арасында жаппас аталмайды. Орынбор шекара комиссиясының шенеунігі Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында және А. Левшинде бұл ру туралы айтып өтеді.
Ең кейінгі жазбаша деректерде Кіші жүз бен Бөкей ордасының құрамдас бөлігі ретінде бұл ру Небольсинде, Ханыковта, Бламбергте, Кеппенде және басқаларында үнемі кездесіп отырады. Ол туралы архив материалдарында да мағлұматтар бар. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы деректемелерге қарағанда, рудың құрамына тоғыз бөлімше кірген, олар: шолтақ, сумұрын, бесбалуан, баймұрат, онғұт, қаракөз, киеке, ыстық және өтеп. Кеппен жеті, ал Небольсин алты бөлімшені ғана келтіреді.
«Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдар… » мен біздің ел арасынан жинаған мәліметтерімізде ру бөлімшелерінің түрлі саны келтіріледі. Бұл арада мәселе мынада: Жаппас руы, дұрысырақ айтқанда, оның бөлімшелері орасан зор аумаққа бытырап кеткен. Бұдан әрі көретініміздей, олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді.
В. В. Радлов та Жетісудағы Жаппас руы туралы Үлкен орданың батыс қанатына ендіміс деп хабарлайды. Бұл жағдайда В. В. Радлов Қапал уезі жалайырларының арасында мекендейтін, бірақ, әрине, Ұлы жүз құрамына ешбір кірмеген осы ру шаруашылықтарының саны болмашы екенін айтып отыр. Сондықтан зерттеушілер мен саяхатшылардың белгілі бір жерді мекендеген ру бөлімшелерін көрсеткені түсінікті, ал ру құрамының толық көрінісін осы материалдардың бәрін салыстыра отырып қана жаңғыртуға болады.
Біздің 1960 жылы ел арасынан жинаған мәліметтеріміз рудың мейлінше дәл құрамын береді, айта кетелік, оны М. Тынышбаевтың деректерімен бірдей деуге болады. Алшақтық мынада ғана: бізде тағы да күшік (қошық) бөлімшесі бар да, ол М. Тынышбаевта жоқ. Жаппас руының таңба белгісі ұрандары «Баймұрат»және «Бақтыбай» (Бламберг).

жаппас, жаппастар, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments