Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

ЖАР ЖАНАРЫ

Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,

Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.

Егер де сен болмасаң, көкте күнмен

Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!

Жаратқан ұл да берді, қыз да берді,

Түсіме ене алмайды кыздар енді.

Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,

Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.

Уық қостың сен менің уығыма,

Жылнамын жаныңның жылуына.

Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,

Өбектеп менің ыстық- суығыма.

Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,

Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.

Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,

Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.

Аяулым, жаулап алған ер жүрегін,

Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.

Бар бақытым бір менің басымдағы

Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.

жар, адал, жанар, тилек, тілек, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь родные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которое вам поможет сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?