...

Желсіз түнде жарық ай! ТЕКСТ

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, желсиз,тунде,жарык,ай,абай,кунанбаев,құнанбаев
4.1 459 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
4 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
айша
айша
4 лет назад

жаман емес

Aiym Samakova
Aiym Samakova
2 лет назад
Ответ  айша

Да <3

Кауалим
Кауалим
1 год назад
Ответ  Aiym Samakova

Норм

Frifaer
Frifaer
1 год назад
Ответ  Кауалим

/’°’\

Прокрутить вверх