Жігер Ауыпбаев – Қарлығаш Құсым
Сезілмей аққан, сезімді оятқан,
Көз ілмей атқан таңдарым қаншама.
Үміт арманым, ұмыта алмадым,
Ертегі күндер елес боп қалса да.
Өзгелер тербеп, сөзбенен емдеп,
Жүректің ескі жарасын тамсада.
Көңілге қонбас, өзіңдей болмас,
Бағыма басқа бақыт құс қонса да.
Қарлығаш құсым, қалықтап ұшып кезген қияны,
Тағдыр да мынау табылды ма екен сенің теңің.
Кеудеме менің қонақтап өзің салған ұяны,
Күзетем бұзбай келер деп қайта сені, сені.
Ұйқымды ұрлап, сиқырлы жұмбақ,
Шат күлкің қалды жүректе жаңғырған.
Үміттенемін сүйіктім менің,
Күлімдеп бір күн шығардай алдымнан.
Қарлығаш құсым, қалықтап ұшып кезген қияны,
Тағдыр да мынау табылды ма екен сенің теңің.
Кеудеме менің қонақтап өзің салған ұяны,
Күзетем бұзбай келер деп қайта сені, сені.