Жігер — Сен менің бақытымсың
Ұнатып ем жалғыз сені
Самалды жел кешінде
Саған деген махаббатым
Бір көргенде келді ме
Chorus:
Сен менің бақытымсың
Іздеген өмірде
Көлде жүзген аққуымсың
Сұлулықты көздеген
Сенің сұлу көздеріңді
Ұмыта алмадым жаным
Күнә болса кешір мені
Кінәм ғашық болғаным
Chorus — — — — —
Нұрға толы асыл бейнең
Жанға жылу береді
Ақ ұлпадай ақша жүзді
Ойлай бергім келеді

