Ойын-сауық порталы

Жұбаныш Жексенұлы – Дудар-ай ТЕКСТ

Жұбаныш Жексенұлы – Дудар-ай
Әні мен сөзі: Өлебай ақын

1. Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге – келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі

Қ-сы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

2. Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе,
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып,
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

3. Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір.
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр.
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

4. Қолында Мариямның өткір қайшы.
Қағазға Мариям аты жазылсайшы.
Қор болып бір жаманға кеткенімше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, жубаныш жексенулы
1 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments