...

Жүктілік кезіндегі қолайсыздықтар

Іштің қатуын қалай анықтайды

Іштің қатуы – бұл дербес физиологиялық нормамен салыстырғанда нәжіс шығару актілері арасындағы интервалдардың ұлғаюымен, нәжіс шығару актісінің қиындауымен (тіпті дәреттің қалыпты периодтылығын сақтау барысында) немесе ішектің нәжісті жеткіліксіз дәрежеде шығаруын жүйелі түрде сезінумен көрініс табатын ішек функциясының бұзылуы.2 Іштің қатуы кезінде нәжіс массасы азаяды, оның консистенциясы өзгереді (ол қатты, сегменттелген бола түседі). Жиі жағдайда жүктілік кезіндегі іштің қатуы, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы күшену қажеттілігінен және нәжіс шығару кезіндегі аурумен, іштің кебуімен және ішек маңайындағы ауырсыну сезімдерімен көрініс табады.

Ерте кезеңдердегі іш қатуының себептері

Гормоналдық фонның өзгеруі. Бұл жүкті әйелдерде іштің қату себептерінің бірі болып табылады. Құрсақ көтергеннен кейінгі алғашқы айларда әйел ағзасында бала көтеруге дайындалу үшін белсенді гормоналдық өзгерістер жүреді, атап айтқанда, прогестерон көп мөлшерде бөлінеді. Ол ұрықтанған аналық жасуша қынапта берік бекінуі үшін кіші жамбас органдары бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді. Өкінішке орай, оның өзіне тән жағымсыз әсерлері бар – ас қорыту жолдарының жұмысы баяулайды, ішектің толқи жиырылуы нашарлайды, ерте кезеңдерде іштің қатуы пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, әйелдер жиі жағдайда өздерінің физикалық белсенділігін бірден төмендетеді, ол бұзылыстарды тудыруы мүмкін. Осының барлығын ескере отырып, болашақ ананы аптасына бірнеше рет келесі сұрақтар мазалайтыны таң қаларлық емес: «Жүктілік кезінде іш қатқан жағдайда не істеу қажет?». Жүктіліктің ерте кезеңінде қолданылатын іш жүргізетін құралдар, жиі жағдайда болашақ аналар арасында ең көп сұранысқа ие препараттардың бірі болады.

Тамақтану рационының бұзылуы. Тағы да бір кең таралған мәселелердің бірі ісіктер болып табылады, сондықтан көптеген әйелдер құрамында суы көп (көкөністер, жемістер) сұйықтықтар мен жемістерді пайдалануды шектейді. Гастроэнтерологтар мұны жасауға кеңес бермейді, өйткені сұйықтық пен жасұнық (тағамдық талшықтар) тік ішектің қалыпты жұмысы үшін аса маңызды.

Темірді және құрамында кальций бар препараттарды қабылдау.Дәрігерлер кейде жүкті әйелдерге ұрықтың қалыпты қоректенуіне ықпал ететін арнайы препараттарды – құрамында калий және темір бар дәрілерді және биологиялық белсенді қоспаларды тағайындайды. Бұл заттар қатайту әсеріне ие және ерте кезеңдерде іштің қатуын тудыруы мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдерге арналған іш жүргізетін құралдар көптеген әйелдердің дәрі қобдишасында кездеседі.

Соңғы кезеңдерде іш қатуының себептері

Жоғарыда сипатталған факторлар, сондай-ақ соңғы кезеңдегі (16 аптадан бастап босанғанға дейін) жүкті әйелдер ішегінің жұмысына ықпал етеді. Алайда оларға, жүктілік кезінде іш жүргізетін құралдарды қабылдау қажеттілігін тудыратын тағы бірнеше сәттер қосылады.

Физикалық белсенділіктің төмендеуі. Қозғалыс белсенділігі босану жақындаған сайын одан әрі шектеледі. Бұл әйел денесі массасының артуымен және ұрықтың өсуінен омыртқаға түсірілетін жүктемеге байланысты.

Ұрықтың орналасуының өзгеруі. Соңғы апталарда сәбидің басы төмен түседі және жатыр қабырғасы арқылы ішекті қысады.

Эмоционалдық фонның өзгеруі. Көптеген болашақ аналар босанар алдында қатты толқи бастайды, олардың тәбеті жоғалады, соның нәтижесінде дәрет те жүрмеуі мүмкін. Сондықтан жүкті әйел үшін іш жүргізетін құралдар мәселенің алғашқы шешімі болуы мүмкін.

Жүктілік кезінде іш қатуының мүмкін болатын салдары

Жоғарыда біз әйелдерге жүктілік кезінде іштің қатуымен күресу қажет екенін атап өттік. Міне ол не үшін қажет. Жүйелі түрде дәрет кептелген жағдайда, тік ішекте микробтардың көбеюіне қолайлы орта болып табылатын қорытылған тамақ қалдықтары жиналады. Жүктілік кезінде іштің қатуы жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін, атап айтқанда:

жүкті әйелдерде іштің қатуы ішек микрофлорасының бұзылу себебіне айналуы мүмкін;
жүктілік кезіндегі созылмалы іш қатуы әйелдердің жыныс органдарының қабынбалы ауруларын тудыруы мүмкін;
іштің қатуы кезінде ішекте шіру процестері жүруі мүмкін, бөлінген уыттар қанға келіп түседі және әйелдің хал-жайына және ұрпақтың жағдайына әсер етеді;
соңғы кезеңдерде іштің қатуы кезінде күшену мерзімінен бұрын босануға итермелеуі мүмкін;
жүкті әйелдерде іштің қатуы кезінде толып кеткен ішек, жиі жағдайда жатыр тонусына әсер етеді, соның нәтижесінде жүктіліктің соңына дейін жетпеу қауіпі артады.

Жүктілік кезіндегі іш қатуының алдын-алу

Жүктілік кезінде дәрет бұзылуының алдын-алу үшін әйелдерге бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға болады. Біріншіден, құрамында жасұнығы көп өнімдерді (көкөністерді, жемістерді, кебектерді және т.б.) көбірек пайдалану. Тағамдық талшықтар жүктілік кезінде іш қатуына қарсы қарапайым құрал болып табылады. Қою шайды, кофені, шоколадты және ұн өнімдерін көп пайдалануға болмайды. Екіншіден, сұйықтықты көп ішу (қарама-қайшылықтар жоқ болған жағдайда 1,5-2 литрге дейін). Үшіншіден, көбірек қимылдау. Рұқсат етілген физикалық белсенділік жайында сөз қозғалуда, мысалы, үнемі таза ауада серуендеу немесе жүкті әйелдерге арналған арнайы йога.

Жүктілік кезіндегі іш қатуын емдеу

Жүкті әйелдерде іш қатуын емдеумен білікті дәрігер айналысуы тиіс. Жалпыға белгілі препараттардың көбісін мұндай жағдайда қабылдауға тыйым салынуы мәселе туғызады. Емдеудің физиотерапевтік әдістері жатырдың кішіреюіне ықпал ету және ұрыққа кері әсер беру қауіпін тудыратындықтан, жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімі бар. іштің қатуына шағымдану барысында жүкті әйелдерге тарылудан туындайтын іш жүргізетін құралдарды пайдалануға кеңес берілмейді. Оларға құрамына магний сульфаты, карловар тұзы, үпілмәлік майы, сонымен қатар итшомырт тамыры, рауғаш және піштен жапырақтары кіретін препараттар жатады. Жүктілік кезінде іштің қатуына қарсы мұндай құралдарды пайдалану алдында әйелге маманның кеңесін алған жөн.

жуктилик кезиндеги колайсыздыктар,,, сурак жауап, жуктиликти жоспарлау,жукти болу,жуктилик пен босану,калай босанады,босанган киын ба,жукти болу калай,,
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх