Жұмбақ бағым
Әнші: Ерден Жақсыбеков
Сен деп мен асығамын,
Сен аялаған асыл әнім.
Сен менің гүл көктемімсің,
Саған ғана құшағымды жаямын.
Бақыт құсым менің,
Гүлмүсін бе едің,
Тек жан сырымды түсінбедің.
Жарық таңымбысың,
От жалынбысың,
Сен әлде жұмбақ бағымбысың.
Неге біз армандаймыз,
Бұлт адастырды алдан қай күз.
Екеуміз бір бұл өмірде,
Ай мен күндей кездеспейтін жандаймыз.