Ойын-сауық порталы

5 жылдан кейін

Мен оған 5 жылдан кейін телефон шалған болатынмын. Бір қатты таң қалғаным, ол әлі телефон номерін ауыстырмаған екен. Мені күтті ма екен? Ол тұтқаны көтергенде бойым суып кетті. Оның дауысы өте көңілді естілді. Арғы жақта сәбидің дауысы шығып жатты. Оның: “Алло?” деген сөзінен кейін не айтарымды да білмей қалдым. Ол үшін қуанып тұрдым, бірақ жүрегім қан жылап тұрды. 5 жыл бұрын, екеуміз қоштасарда, ол маған: “Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Мен сені ұмыта алмаймын” деген болатын. Ал мен болсам, оған күліп, мазақ еткендей: “Ренжіме жаным-ау, сен әлі басқамен бақытты боласың! Мені ұмыт” деп кеткен едім. Бірақ, оның шын айтып тұрғанын біліп тұрдым. Сонда да, онымен қоштасып кеттім…
Тұтқадан: “Алло?” деген дауысын естігенде, жүрегім жарылғандай болды. Ойымды жинақтап, сөзімді айта алмай, тұтқаны қоя салдым. Телефонымды алақаныма қысып, көзім жасаурап отырдым. SMS келді. Ол былай деп жазыпты: “Сәлем! Мен сенің қоңырауды көп күттім. Сенің дауысыңды естимін деп қатты үміттенген едім. Бірақ, сен дәл бұрынғыдай қорықтың! Сен тәкаппарсың! Енді бұл номерді өшіріп тастауыма болады. Сенің не үшін телефон шалғаныңды білемін. Мен сені әлі де сүйеді ма екен деген оймен соқтың! Иә, сүйемін! Мен сені алдаған жоқпын…”
Дәл осы SMS-тен кейін оған қайтадан қоңырау шалдым. Бірақ, номер сөніп тұрды. Келесі күні де соқтым. Тағы да, тағы да… Күнде телефон шалып тұрдым. Бірақ номер сөніп тұрды. Оны көп іздедім. Бірақ, ол із-түссіз жоғалып кетті. Қазір, мен 39 жастамын. Әлі де жалғызбын. Әйелім де, бала-шағам да жоқ. Мен де сол баяғы номермен жүрмін. Әлі ауыстырмадым. Мүмкін, ол бір күні қоңырау шалатын шығар…

5 жылдан кейин,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
1 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments