Ойын-сауық порталы

Неге мен кінəлімін?

Біз екеуіміз жүргенімізге 2 жылдай болды.Сол 2 жыл аралығында көптеген оқиғалар болды. Біз екеуміз менің сінілім арқылы таныстық. Сол күннен бастап екеуіміз телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Сосын ол Астанага кетіп қалды біраз уақытқа. Сөйтіп сөйлесіп жүргенде екеуіміз бір-бірімізге ғашық болып қалдық. Ол Астанадан келгеннен кейін маған жүруге ұсыныс жасады. Мен жақсы көргеннен кейін келістім. Ол мені шын сүйетін шығар деп ойлағам. Шын мәнінде олай емес екен. Ол менің сыртымнан басқа қызбен жүріп жүрген екен. Ол менімен наурыздан бастап жүрді және ол қызбен де жүріп жүрген. Ол кыздың туған күні маусым айында екен. Менімен жүріп жүрседе сол қызға туған күнінде үйленуге ұсыныс жасаған екен. Бірақ ол қыз оған жоқ дегеннен кейін маған көп мəн бере бастады. Ол маған көп өтірік айтатын. Мен жақсы көргеннен кейін оны кешіре бердім. Ол менің ак көңілдігімді жиі пайдаланатын. Ол кайда баратының меннен жасырмайтын. Бірақ ол қыстың кезінде клубқа барып бірнəрсе бүлдіріп келгенін айтты. Мен не болғанын сұрағанда ол бір қызбен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Сол қыз одан үлкен сомада ақша талап етті. Сол күннен бастап екеуміз жүрмей кеткембіз және ол ештеме болмағандай 1 аптадай өткен соң əдеттегідей түк білмегендей хабарласты. Мен онымен жылы сөйлеспесемде күнде хабарласа берді. Ол қылығында күндер өте кешірдім. Бұрынғыдай қайтадан жүре бастадық. Бірақ əр мереке сайын ұрысуға ілік іздейтін. Себебі ол мереке сайын клубқа достарымен барып көңіл көтергісі келетін. Бірақ мен оған қарсы болатынмын. Сол себепті ол ілік іздейтін. Ол мені өзінің ата- анасымен таныстырды. Бірақ ол маған тағыда өтірік айтыпты. Ол өзінің жасы үлкендігін жасырды жəне де өзінен кішкентай інісі бар екенін тағыда жасырды. Ол өзінің туған інісінің жасы арқылы менімен танысты. Мен ол қылығында тағыда кешірдім.Кешеден бастап ол өзінің бұрынғы қызымен қайтадан сөйлесе бастапты. Ол маған бəріне сен кінəлісін дейді. Ұрысқан кезде мені жібермейсін дейді. Шын мəнінде ол өзі бірінші хабарласатын тұғын. Жəнеде кешірім сұрауды білмейтін. Ол мені кінəлағаннан басқа ештеме білмейді. Шын мəнінде мен кінəлімін бе айтыныздаршы. Маған кеңес берініздерші не істесем болады.

неге мен киналимин,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments