Ойылым саған не болды,
Ойран қып кетті суларың,
Ақжайық саған не болды?
Жағалай тасып шуладың.
Тілсіз жауменен тіресті-ау,
Атырау,Орал, Ақтөбем,
Азаматтарың су кешті -ау,
Аттандап жүріп атпенен.
Қайырмасы:
Жетпейді-ау саған ештеңе,
Қазағың қалың тірлігің,
Бұзылып бөгет кетсе де,
Бұзылмай тұрсын бірлігің.
Арнадан өзен асса да,
Екенбе халқым көз жасың,
Далаңды су кеп басса да,
Жағаңды жау кеп бұзбасын.
Құлаған үйлер қаншама,
Төрт түлік кетті-ау жамырап,
Қайталап бәрін салса да,
Ыстық қой қара шаңырақ.
Алауыздығың болмасын,
Төтеп бер елім тасқынға,
Қазақты қазақ қолдасын,
Көк туымыздың астында.