Балдан да тым тәттім,
Өзіңе тіл қаттым.
Сезім есігін
Сен мен үшін аямай тарс жаптың.
Ал мен, қайта-қайта,
Менің әлемім, бақытты тек сенен көремін,
Телефонды қайта теремін!
Қайырмасы:
Алло, қымбатты адам – мадам!
Тіл қатпайсың, ұстатпайсың, ақ бұлттайсың сен жаным.
Кел сөйлес кел, май лав
Өшіргенмен номерімді, жатсың ғой ойлап.
Алло қымбатты адам – мадам.
Тіл қатпайсың, ұстатпайсың, ақ бұлттайсың сен жаным,
Кел сөйлес кел, май лав
Өшіргенмен номерімді, жатсың ғой ойлап, алло!
Өзіңде қайда әдеп,
Мазамды ал ма деп.
Махаббат мәңгі емес
Ұмыт та, босқа әуре болма деп.
Мың айт, жүз қайтала,
Сені сүйемін, ғашықпын сенімді айта алам
Қоңырау соғам қайтадан!