Ернар Айдар — Кезінде қарамағансың ТЕКСТ

Есімде бәрі есімде
Танысқан алғаш кешімде
Білесің бәрін ардағым
Айтайын іште қалғанын
Өкпеле мейлі, кешірме

Кезінде қарамағансың
Жанымды жаралағансың
Мені адам санамағансың
Басқаны санамағансың
Әттең-ай
Көңілім мұз болатұғын
Өмірім күз болатұғын
Жүректе із қалатұғын
Күйініп қызғанатұғын
Сәттер-ай

Білемін бәрін білемін
Қарамайтындай кім едің
Қаттырақ айтсам кеш мені
Соншама саған не істеді?
Жаралантындай жүрегім…

кезинде,карамагансын
Прокрутить вверх