[verse 1]
Қиялым тербеп
Көкірек кернеп
Аңсаймын сазын Аққудың
Назыңмен бірге
Бөленіп күйге
Мен үшін жаным пәк тудың
[chorus]
Сүйсіне ай қарап
Көл бетін аймалап
Тұрады самал жел тербеп сені
Желбіреп пәк туың
Кетпеші аққуым
Іздейді махаббат қоңыр лебі
Толқынды көңіл
Күй болып төгіл
Жаныңа келсін Аққулар
Назды үнің сенің
Күйлерім менің
Жастыққа мәңгі шақырар

