Rap 1:
Таңдау — тек сені қалау,
Ал, мынау — сенім арқалау,
Емде жалғыз жанымды,
Сенде бар таңдау, жаным, қалқам-ау…
Бақты тапты қатты тәтті
өмір іздеп сәтті уақты таңдағандар:
Маған ғана сендің,
Ізіме ердің, бәрін жеңдік па?
Verse 1:
Жабырқаса жаным,
Сені сағынғаным,
Қалай бармын солай,
Мені қабылдадың.
Мінезің бар бұзық,
Өмір солай қызық.
Саусағыңа тағам,
Алтын неке жүзік!
Chorus:
Сендік сұлу жанар-ай,
Күлімдейтін баладай,
Бұртиятын қарамай,
Нанаранана нананай,
Сендей жылы ауа-райы,
Томпиятын баладай,
“Адам” болып қалайын,
Сен болсын деп Хауам-ай!
Бар дертіме дауам-ай,
Сені қайдан табам-ай,
Еркелейтін баладай,
Нанаранана нананай,
Сен қажетсің ауадай,
Сені мәңгі бағалайын,
Қатеңе де қарамайын,
Адам сүйген Хауадай.
Rap 2:
Адам неге жұмақтан кетті оңай?!
Хауаның кінәсінен бе ед(і), қалай?!
“Сені о жерге, жалғыз жібермейм(ін),
Қорған болуға, бірге еріп барайын” дейді!
Verse 2:
Құлағымда үнің,
Сүп-сүйкімді түрің,
Гүлге сыйлап өтем(ін),
Бар әлемнің гүлін…
Мінезің бар бұзық,
Өмір солай қызық.
Саусағыңа тағам,
Алтын неке жүзік!

